

Бүгінгі шоу-матчтың басты мақсаты – сырқаттанған ініміз Расулға көмектесу. Осы ниетпен “Аманат” аренасында ерекше кеш ұйымдастырып, Қарағандыдағы танымал жандарды – жұлдыздарды, футбол блогерлерін және түрлі саланың мамандарын шақырдық. Медиа саласында бірге жұмыс істейтін адамдармен бір алаңда ойнау – өз алдына үлкен қуаныш. Бірақ ең маңыздысы – барлығымыздың бір мақсатқа бірігуіміз, яғни Расулға көмектесу.Темірлан ЕРЖАНОВИЧ, Freedom Football амбассадоры

Бұл матч – ем-домға мұқтаж ініміз Расулға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы. Алдымызда Наурыз мейрамы келе жатқан кезде осындай игі істі қолға алу туралы ой туды. Басты мақсатымыз – адамдарды біріктіріп, көмек көрсету. Егер соған қол жеткізсек, бұл – біздің ең үлкен жеңісіміз.Дидар ҚАМИ, айтыскер ақын

Алғашқы қайырымдылық шоу-матч сәтті өтті. Ең басты мақсатымыз – кішкентай Расулға көмектесу және көрермендерге жарқын эмоция сыйлау еді. Біздің бастамамызды қолдаған барлық серіктестерге, сондай-ақ Қазақстанның әр өңірінен келіп, Расулдың мәселесіне бейжай қарамайтынын көрсеткен жұлдыз-қатысушыларға алғыс айтамыз. Олар Қарағанды жұртшылығына тамаша кеш сыйлады.Елнұр ЕРБОЛ, ұйымдастырушы




