Әуесқой турнирлер26 қаңтар

12 тур артта қалды – үздік үштік арасындағы тартыс күшейді

Мәреге жақындаған сайын әр турдың салмағы арта түсуде.
7

Чемпионат шешуші кезеңге қадам басты. Командалардың турнирлік кестедегі орны айқындала бастағанымен, көшбасшылық үшін күрес бұрынғыдан да шиеленісті. Ешкім ұпайды оңайлықпен бермейді.

Жоғары лигада көш басындағы «45 KVARTAL» МФК «КАРАГАНДИНЕЦ» командасын 11:4 есебімен сенімді түрде жеңіп, бірінші орнын сақтап қалды. «Горняк» пен «STU ADS (Политех)» арасындағы ойында «Горняк» басымдық танытып, 22:5 есебімен ірі жеңіске жетті.

«Локомотив-КАЗПРОФЖЕЛ» мен «СДЮШОР-Ветераны» арасындағы кездесу теміржолшылардың 19:4 есебіндегі айқын жеңісімен аяқталып, турдың ең нәтижелі матчтарының біріне айналды. «Wooppay» «AVTOKING»-ке қарсы ойында 10:9 есебімен басым түсіп, жоғарғы орындарға таласуға дайын екенін көрсетті.

Үздік үштік арасындағы бәсеке сақталып отыр – командалар ұпай жоғалтпай, жоғары қарқынды ұстап келеді.

«AR-NAMIS» «Авангардты» 4:3 есебімен артта қалдырды. Ал «Тумар 49» «KROSSFIN» командасымен кездесуде 3:1 нәтижесін тіркеді. «Ногу свело» «Silk Road electroniks»-ке қарсы ойында 9:7 есебін өз пайдасына шешті. «ISMAIL DOORS» «ALL STARS»-пен матчта 5:2 есебін көрсетті.

«СМ 12 месяцев» «Новодолинка» командасын 8:6 есебімен жеңсе, «OUTSIDERS» - MFC «NOMAD» матчы 5:0 есебіндегі техникалық нәтижемен аяқталды.

Бірінші лиганың үздік сұрмергені: Мерей Кутымбетов («Тумар 49») – 44 гол.

12 тур қорытындысы бойынша екі лигада да тартыс жоғары деңгейде жалғасуда. Көшбасшылар өз орындарын сақтағанымен, ұпай айырмашылығының аздығы ешбір командаға еркінсуге мүмкіндік жоқ. Алда маусымның шешуші кезеңі тұр.