

Бүгінгі ALGA! "бірінші пас" іс-шарасы бүлдіршіндердің спортпен және футболмен алғашқы танысуына арналған бастама. Біз үшін бұл жай ғана мерекелік кездесу емес, балалардың белсенді өмір салтына бастар алғашқы қадамы. Алдағы уақытта бұл жобаны өңірдің өзге де балабақшаларында жалғастыруды жоспарлап отырмыз.Балалар спортты ойын арқылы оңай қабылдайды. Осындай іс-шаралар арқылы салауатты өмір салтының негізі ерте жастан қалыптасады деп сенеміз Данияр Кәрібаев, QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы


Балаларымыздың осындай қызықты әрі пайдалы іс-шараға қатысқанына қуаныштымыз. Бүгін олар ойнап, қимылдап қана қоймай жаңа әсер алды. Жаңа орта,жаңа достар тапты. Сол үшін осындай жобаны ұйымдастырып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған QOFA ұжымына және демеушілерге алғысымызды білдіреміз.Жадыра Әкімжанова




