

«Иә, расында, бірінші тоқсан аяқталып келеді. Біз жоспар бойынша алға жылжып келеміз және балаларға бәрі ұнайды. Әлі жетілдіретін тұстар бар, бірақ жоба енді басталғандықтан, алда талай мүмкіндіктер бар деп ойлаймын».Ержан Хомутов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

«Жоба оқушыларға да, бізге де өте қызықты. Біз семинарларға қатысып, жаңа білім алдық. Футбол — бұл Қарағандының рухы. Лицейіміздің ауласында жаңа спорт алаңы салынып жатыр. Көктемде осы алаңда сабақтар өткізіп, оқу жылының қорытындысы ретінде оқушылар арасында шағын турнир ұйымдастырғымыз келеді».Ержан Хомутов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

«Маған футболдағы командалық ойыны ұнайды — жақсы жүгіремін, тез қимылдаймын».Аня Баскова, 4 “Б” сынып оқушысы

«Маған футбол ұнайды, өйткені онда менің сүйікті ойыншыларым ойнайды. Бұл ойын менің айла-тәсілдер жасау, допты ұстау және жүгіру қабілетімді дамытады».Тимур Ахметов, 4 “Б” сынып оқушысы



