Төрешілер мектебі21 мамыр

Қарағандыда балалар жаттықтырушыларына арналған BFL бағдарламасының алғашқы модулі өтті

Бағдарламаның басты мақсаты – балалар бапкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп, жас футболшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.
Қарағандыда балалар жаттықтырушыларына арналған BFL бағдарламасының алғашқы модулі өтті
Dsc06868
Dsc06795
Бүгінде балалар футболы дамып келеді, соған сай жаттықтырушыларға қойылатын талап та күшейді. Қазіргі бапкер футболды ғана емес, педагогиканы да түсінуі керек. Баланы ынталандырып, жаттығуды қызықты әрі қауіпсіз өткізе білу маңызды. Жаттықтырушы әр жастағы балалармен жұмыс істеудің ерекшелігін түсініп, жүктемені дұрыс жоспарлай алуы қажет.
Жаттықтырушы неғұрлым сапалы жұмыс істесе, балалардың дамуы да соғұрлым жақсы болады. Бұл олардың футболға деген қызығушылығын арттырып, жалпы дайындық жүйесінің күшеюіне ықпал етеді. Футбол бір орында тұрмайды. Сондықтан бапкерлердің тұрақты түрде білімін жетілдіруі өте маңызды. Жанна Мальгаждарова, Freedom QJ League спорттық-талдау блогының сарапшы-аналитигі
Dsc06908 1
Әрине, тренер жұмысында түрлі қиындықтар мен сұрақтар жиі кездеседі. Бүгінгі курсымыздың басты мақсаты да – бізді мазалайтын осындай мәселелердің шешімін табуға көмектесу. Өз басым көптеген сұрақтарға жауап тапқандай болдым. Мұндай курстар енді бастап жатқан тренерлер үшін аса қажет.
Dsc06893

Бөлісу