Мектеп футболы04 шілде

ALGA! жобасының түлектері үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын жасады

Әлімхан Ермеков атындағы кубоктың жеңімпазы атанған №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ALGA! жобасының арқасында жаңа белестерді бағындыруды жалғастыруда.
ALGA! жобасының түлектері үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын жасады
IMG 3979
« "Шахтердің" қыздар командасына шақырылғанын білгенде, баламыз үшін шексіз қуаныш пен мақтаныш сезімін сезіндік. Қызым алаңға алғаш шыққандағы эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әрине, аздап уайымдадық, бірақ сонымен бірге оның алаңға нық қадаммен шыққанын көріп, үлкен мақтаныш сезімін бастан өткердік. Бұл мен үшін ең ұмытылмас сәттердің бірі болды».Аяужан Жапарова
«Әдетте қыздар жаңа командаға алғаш келгенде, ортаға үйренісу үшін уақыт қажет болады. Олар қобалжиды, қателесуден қорқады, бастама көтеруге именеді. Бірақ ALGA! жобасының қатысушыларында мұндай болған жоқ. Олар алғашқы жаттығудан-ақ жұмысқа ашық болды, жаңа жаттығуларды орындаудан қорықпады, түсінбеген жерлерін сұрап отырды. Жаттықтырушы үшін бұл – баланың дамуға және жаңа білім алуға деген шынайы ынтасының белгісі». Аяужан Жапарова
Img 4035
"Әрбір қызға айтарым: арманшыл болудан қорықпаңыздар. Егер футболды шын жүрекпен жақсы көрсеңіздер, армандарыңызға соңына дейін ұмтылу керек. Мейлінше жаттығуларды жіберіп алмай, сәтсіздіктерден кейін тоқтап қалмай және өзгенің жетістігіне қарап емес, күннен-күнге өз-өздеріңізді дамытуға ұмтылыңыздар дегім келеді"Юлия Бут
IMG 4025

Бөлісу