


«Біз басшылықпен бірге әрбір мұғалімге жүйенің мүмкіндіктерін, оның қаншалықты қарапайым әрі икемді екенін жеке барып көрсету туралы шешім қабылдадық. Бұл платформа жобаның аясында сабақтарды жоспарлауға өте қолайлы, оны пайдалану жеңіл әрі түсінікті. Жүйе ең алдымен қағазбастылықтан арылып, цифрлық форматқа көшуге мүмкіндік береді. Барлығы сайтта, жеке кабинетте қолжетімді. Мұғалімдер барлық жоспарларын небәрі 10 минуттың ішінде орындай алады»Тимур Құсайынов, QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы

«Бүгінгі кездесу барысында футболды үйретудің әрбір элементін, түрлі ойын түрлері мен жаттығуларды жүйелі түрде қалай ұйымдастыру керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берген сарапшыға шын жүректен алғыс айтамын. Біз FFM бойынша жұмыс жасап, әрі қарай бар күшімізді саламыз! Ұйымдастырушыларға көптен көп рақмет. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін!»Гүлнар Ныганова, №15 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі



