Мектеп футболы28 наурыз

Freedom Futsal BFL жаңа кезеңі: Қарағандының жас таланттары алаңға шықты

Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен Freedom Futsal BFL жобасының жаңа кезеңін бастады.
Freedom Futsal BFL жаңа кезеңі: Қарағандының жас таланттары алаңға шықты
Биыл біз QOFA турниріне үш жас санаты бойынша қатысып отырмыз: екі команда U-17, бір команда U-15 және бір команда U-13. Жалпы турнир жоғары деңгейде өтуде. Бүгін «NURMAQOV» қарсы алғашқы ойынды өткізіп, 5:4 есебімен жеңіске жеттік. Ойын өте қызық өтті, соңғы минуттарға дейін тартыс үзілген жоқ. Кездесудің тағдыры тек матч соңында шешілді.Илья Григорьев, "STU-2" команда капитаны
Freedom Futsal BFL — өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футзалының дамуына серпін беретін маңызды алаң. QOFA қолдауымен осы жас санаттарындағы ең мықты командалар жиналып, ойыншылар тұрақты түрде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алып отыр. Алғашқы матчтар-ақ тартыс пен көрермен қызығушылығының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Маусым бойы осы қарқын сақталады деп сенеміз. Мәди Кәрібай ұйымдастырушы

Бөлісу