Әлеуметтік жобалар10 қазан 2025

Игорь Шацкий Қарағанды облысының ерекше жандардан құралған футбол командасымен кездесті

Қарағанды облысының құрамасы церебральды сал ауруы бар жандар арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының VIII маусымына қатысады.
1

Бүгін спортшыларға жаңа форма табысталды. Бұл форманы оларға арнайы сыйлық ретінде QOFA сатып алып берген.

«Бізге берілген форма өте жақсы, енді біздің көңіл-күйіміз де, ынтамыз да жоғары»

Анатолий Федоровский, команда капитаны

Салтанатты рәсімге Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий қатысты. Ол ойыншыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Жігіттер, сіздерге кездесулердің жақсы өткенін тілеймін. Өздеріңіздің ойындарыңыздан керемет эмоциялар алыңыздар. Біз әрқашан сіздерге жанкүйер боламыз»

Игорь Шацкий, Қазақстан құрамасының қақпашысы