

«Бұл жолдастық кездесу, ең алдымен, балалардың өздерін алаңда сенімді сезінуіне мүмкіндік береді. Ерекше балалармен жұмыс істеу — уақытты, сенімді және максималды қолдауды талап етеді. Жаттықтырушы, бала және ата-ана бір команда болып әрекет еткен кезде шынайы өзгерістер орын алады. Бұрын көптеген адамдар балалардың даму қарқынына күмәнданатын, алайда олар керісінше дәлелдеп шықты — біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз».Пётр Марченко, «Astana UNI» командасының жаттықтырушысы

«Я Мен жартылай қорғаушымын — позициямды ұстап тұрып, шабуылға дер кезінде қосылуға тырысамын. Бүгін оңай болған жоқ: қарсылас тығыз қорғанды, бар күшімді салуға тура келді, бірақ бұл мені одан сайын ынталандырады. Футболмен сегіз айдан бері айналысамын. “Болашақ” қорына және өз командамызға қолдауы мен мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын».Асылбек Сатинов, «Astana UNI» командасының жартылай қорғаушысы

«Біз үшін бұл матчтың маңызы ерекше — бұл нағыз инклюзия және маңызды әлеуметтік жоба. Қазақстан футбол федерациясына және «Шахтёр» футбол клубына кездесуді ұйымдастырып,инклюзивті футболды қолдағаны үшін алғысымды білдіремін. UNI Football League екі жылдан бері жұмыс істейді: осы уақыт ішінде біз еліміз бойынша тоғыз секция аштық, әрбір баланың футбол қауымдастығының бір бөлігі болуына мүмкіндік жасауды жалғастырып келеміз»Чингис Темерханов, «UNI Football League» лигасының жетекшісі




