
«Мына "Шахтер" стадионының жасыл алаңында әрбір қатысушы өзін нағыз чемпион сезінеді. Ерекше эмоцияға бөленеді. Осындай бірлескен жобалар арқылы біз шектеусіз мүмкіндіктер алаңын құрып жатырмыз. Футболдағы барлық бастамаларымызға әрдайым қолдап демеушілік ететін ҚОФА ұжымына ерекше алғысымды білдіремін.» Ирина Эрзямкина

«Футбол — менің ең жақсы көретін спортым. Бұл турнирге біз өте ұзақ дайындалдық, бапкеріміз бізге көп көмектесті. Мұндай үлкен стадионда ойнау біз үшін нағыз мереке. Достарыммен бірге жеңіске жетіп, облыс құрамасына іліккім келеді. Бізге қолдау көрсетіп, осындай жарыс ұйымдастырған жандарға рақмет!» Аслан Лекеров




