
Футбол – мен үшін жай ойын емес. Бұл – сезім, құлшыныс, өзіңді көрсету.
Ол кезде жас едім, көп ойнаған жоқпын, көбіне қосалқы құрамда отырдым. Бірақ шағымданбай, тәжірибе жинап, өзімді дамытуға тырыстым. Бір жылдан кейін жаттығуларға жиі қатысып, бапкердің көзіне түстім. Сөйтіп, 16 жасымда негізгі құрамға шақырту алдым. Өскеменде өткен чемпионатта жеңімпаз атандық. Бұл — менің алғашқы медалім еді. Қуанышымда шек болмады. Анам да қуанып, мені қатты құшақтап еді.

Бірде жаттығу кезінде шығып кетіп, футболды тастағым келді. Бірақ кейін ойланып, олардың бәрі менің дамығанымды қалағанын түсіндім. Сол сәттен бастап мотивациям артып, алға жылжуды жалғастырдым.


Біз туралы ғана емес, жалпы есту қабілеті шектеулі жандар арасындағы футбол туралы көбірек білсе дейміз. Алда ұлттық құрамның жиындары мен Азия чемпионаты бар — соған дайындалып жатырмыз. Ешқандай шектеу мақсатқа жетуге кедергі емес екенін көрсеткім келеді. Ең бастысы — өзіңе сену, еңбек ету және алға ұмтылу.Береке Мәукенов




