Әлеуметтік жобалар24 қазан 2025

«Para Football Bestival» аяқталды: Қарағанды командасына қолдау көрсетілді

Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) «НОДА» командасына арнайы сертификат табыстады.
1

 Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) «Футбол үйінде» парафутболдан «Para Football Bestival» фестивалі өтті. Іс-шара ҚФФ-ның бастамасымен UEFA және бейімделген спортты дамытатын ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылды.

«Жақында біз Астанаға Қазақстан чемпионатына барып қайттық. Басқа командалардың деңгейін көріп, шабыт алдық. Болашақта біз мықтырақ, тәжірибелірек боламыз деп ойлаймын және жүлделі 1-ші, 2-ші орындарға қол жеткіземіз деп сенемін».

Мади Балтабаев, «НОДА» командасының ойыншысы

Команданың менталды дайындық бойынша жаттықтырушысы Наталья Сухорукова да өз әсерімен бөлісті:

«Шынымды айтсам, біз өте ризамыз! Жігіттердің бұл сыйлыққа қалай қуанып, қалай әсерленгенін көремін. Оларға спорттық киім сыйлағандарыңызға қуаныштымын – бұл олар үшін өте маңызды, себебі оларды байқады. Футбол – бәріне арналған спорт. Бұл жігіттер – шексіз мүмкіндігі бар адамдар, олардың басты мақсаты – чемпион болу!»

Наталья Сухорукова, «НОДА» командасының менталды дайындық жаттықтырушысы

QOFA «НОДА» командасына алдағы турнирлерде де қолдау көрсетуді жалғастырады.