Медицинада жүргенде бір ойға келдім: адамдарға тек емдеу емес, ауыр жағдайға жетпей тұрып алдын алуды үйрету қажет. Көп жағдайда дұрыс берілген қарапайым көмек адамның өмірін сақтап қалады.Саят Базарбай, оқытушы - нұсқаушы

Бұл салада жүргеніме 8 жыл болды. Бірақ осы тренингтен кейін алғашқы көмекке деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Қандай жағдайда да дұрыс әрекет ету, уақытты есептеу, секундтың өзі маңызды екенін түсіндім. Балалармен жұмыс барысында бұл дағдылардың қаншалықты қажет екенін анық сезіндім. Өте пайдалы болды.
Спортта жүрген адамдар үшін бұл тренинг өте үлкен мүмкіндік. Жай жұмыста, оқуда жүрген адамдардан көрі спортта жүрген адамдар жиі жарақат алады. Сонда жағдайда толыққанды тез арада дұрыс көмек берсе адам өмірін сақтап қала алады. Көбі алғашқы көмек көрсетуге қорқады. Тек спортшылар, оқытушылар ғана емес, сонымен қатар дәрігерлерде де осындай кейде қорқыныш сезімі болады. Сондай кезде ең бірінші айтар кеңесім сабырлық сақтау.Саят Базарбай, оқытушы - нұсқаушы



