Қарағанды облысында 24 мамыр мен 31 тамыз аралығында әуесқой командалар арасында футзалдан дәстүрлі «Жазғы біріншілік» өтті. Жарыс Қарағанды қаласындағы «Тұлпар» спорт кешенінің алаңында ұйымдастырылды. Биылғы маусымға 25 команда мен 500-ге жуық ойыншы қатысып, әрқайсысы 12 ойыннан өткізді. Нәтижесінде қос лигада үздіктер белгілі болды.
Жоғарғы лигада 28 ұпай жинаған Қарағандылық «Интеграция-МТС» чемпион атанды. Күміс жүлде «AVTOKING» командасына бұйырса, қола жүлдені МФК «Тұлпар-1» иеленді.
Бірінші лигада Нұра ауданының «NURA» командасы 31 ұпаймен көш бастады. «Авангард» екінші, «KKZ» үшінші орынға жайғасты.
Маусым қорытындысы бойынша үздік ойыншылар да марапатталды:
Жоғарғы лига: Үздік қақпашы — Жасұлан Төлеутаев («Интеграция-МТС») Үздік сұрмерген — Талғат Аманжол («Интеграция-МТС»), 27 гол Маусымның ең үздік ойыншысы (MVP) — Сергей Коваль («AVTOKING»)
Бірінші лига: Үздік қақпашы — Максим Изотов («KKZ») Үздік сұрмерген — Станислав Васильев (МФК «FREEWAY»), 30 гол Маусымның ең үздік ойыншысы (MVP) — Нұрасым Құдайберген («NURA»)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының кубоктары, медальдары және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Турнирдің соңғы ойыны облыс жанкүйерлері үшін үлкен мерекеге айналды.



