Алдыңғы жылдардағыдай алаңда қарағандылық футболдың айқын жұлдыздары — Андрей Финонченко, Асқар Әбілдаев, Евгений Лунев, Сергей Дубков өнер көрсетті. Сондай-ақ «Шахтёр» командасының бапкерлері Иржи Ярошек пен Петар Алексеевич ойыншыларды қолдау үшін алаңға шықты.
«Булат» сапында Олег Закшевский, Олег Бобровский, Александр Шпита, Валерий Галицын, Олег Поведенок және басқа да белгілі ойыншылар бақ сынады.
Ойынның ерекше сәті — допты ойынға Қазақстандық футбол ардагері әрі «Шахтёрдің» аңызы Серікбек Рахметұлы Искаков қосты.
Кездесу қызу тартыста, бірақ достық рухында өтіп, тең есеппен аяқталды. Бұл ойын қос клуб ардагерлерінің көпжылдық достығы мен спорттық бәсекелестігін тағы бір мәрте айқындады.
Кездесу қызу тартыста, бірақ достық рухында өтіп, тең есеппен аяқталды. Бұл ойын қос клуб ардагерлерінің көпжылдық достығы мен спорттық бәсекелестігін тағы бір мәрте айқындады.



