Бұл бастама мектептегі бұқаралық футболды дамытуға үлкен септігін тигізбек. Өз кезегінде мектептің дене шынықтыру мұғалімі Ахат мырза қауымдастыққа ризашылығын білдірді.
«Жаңа инвентарлар балалардың спортқа деген ынтасын арттырып, жаттығу жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуге көмектеседі.Енді алда болар жарыстарға тыңғылықты дайындықтар жүргізетін боламыз. Қолдау көрсеткен ҚОФА ұжымына алғысымыз шексіз.»
Бір ескеретіні 2022 жылдан бастап Нұрмақов мектебінің командасы БФЛ-да тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді. Жеткен жетістіктеріде жаман емес. Қатарынан үш рет жазғы және қысқы маусымдарда күміспен күптеліп екінші орыннан көрінді. Тіпті, өткен жылы мектеп құрамасы Қырғызстанда өткен халықаралық жарыста сынға түскен болатын. Биылда тамыз айында Алатау баурайында өтетін жарысқа баруды жоспарлап отыр.
Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚОФА Нұрмақов мектебімен арнайы мемарандумға қол қойып екі тарап бірлесе жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Негізгі мақсат футбол арқылы балаларды білімге және қаламыздағы үздік мектептердің бірінде оқуға ынталандыру. Осылайша оқушылар үздік мектепке түсіп футболдағы карьерларында яғни, БФЛ дағы жарыстарын жалғастыра береді.
ҚОФА өңірдегі мектеп футболын дамыту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, жас футболшылардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуді кезең кезеңімен жүзеге асыра бермек.



