Орталыққа көмек көрсетуге қажетті қаражаттың бір бөлігі футбол арқылы жиналды. Бұған дейін Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) қайырымдылық турнирін өткізіп, оған қатысушылар ортақ күшпен 1 миллион теңге жинады. Тағы 1 миллион теңгені Freedom қосты. Нәтижесінде «Сенсорика Плюс» орталығына 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
«Бүгін осында келіп, „Сенсорика Плюс“ орталығына қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық футбол турнирінің арқасында жиналса, қалған бөлігін QOFA мен Freedom қосты. Балалар мен олардың отбасылары үшін атқарып жатқан маңызды жұмыстарыңызға алғыс айтамыз. Сіздерге күш-қуат, даму және жақсы нәтижелер тілейміз. Бұл көмек жұмыстарыңызға пайдалы үлес қосады деп сенеміз.»
Футболдан — шығармашылыққа
Акцияның жалғасы «Сенсорика Плюс» тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарымен байланысты болмақ. Балалар берілген мольберттерде сурет салады, ал бірнеше туынды ерекше мақсатта пайдаланылады.
Картиналардың бірін қайырымдылық аукционына қою жоспарланып отыр, тағы бірі фирмалық мерчтің негізіне айналады. Үшінші туынды алдағы қайырымдылық акцияларына қосылатын серіктестерге табысталатын ауыспалы трофей болады.
QOFA өз демеушісінің қолдауымен футболды адамдарға көмектесіп, оларды біріктіретін құрал ретінде пайдалана отырып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.



