
«Орталықты ашу идеясы жақын адамдарымыздың өміріндегі жағдайдан кейін пайда болды. Бізге жақын отбасының баласына аутизм спектрі бұзылысы диагнозы қойылған кезде қажетті көмекті іздей бастадық. Осы кезде Қарағандыда ерекше қолдауды қажет ететін балаларға арналған сапалы әрі жүйелі қызметтердің жеткіліксіз екенін байқадық.Рустам Медеубаев, Sensorica Plus орталығының директоры


Біздің басты мақсатымыз – көбірек балаға сапалы көмек көрсету және әр отбасы өз қаласында қажетті қолдауды ала алатын жағдай жасау. Мұндай бастамалар тек қаржылай көмек емес. Бұл – ерекше балалар мәселесіне қоғам назарын аударып, ата-аналарға сенім беретін маңызды қадамРустам Медеубаев, Sensorica Plus орталығының директоры



