
Бұл турнирдің маңызы өте зор. Жарысқа қатысуға ниет білдірген командалардан көптеген өтініштер келіп түсті. Бірақ турнирді екі күннің ішінде өткізу жоспарланғандықтан, 16 команданы іріктеп алдық. Басты мақсатымыз – футбол арқылы қайырымдылыққа үлес қосу және спорт қауымдастығын бір игі мақсатқа біріктіру болды.Мәди Кәрібай, QOFA жарыстарды өткізу бөлімінің маманы

Қайырымдылық турнирінде бірінші рет ойнап тұрмыз. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Мықты,мықты ұжымдар шақырылған екен. Әр ойын сайын екпін қостық. Финалда тартысты болды. Ең басты осындай шараға қатысып өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымынНұрслан Сабиров “Майқұдық” командасының ойыншысы

Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ең бастысы – осындай шараларға қатысу, достармен кездесіп, пікір алмасу және жанкүйерлерге қуаныш сыйлау әрдайым жағымды әсер қалдырады. Мұндай кездесулер футболдың тек ойын емес, адамдарды біріктіретін, жақсы эмоция сыйлайтын ерекше құндылық екенін көрсетеді. Ерекше балаларды қолдауға бағытталған бұл бастамаға қатысу біз үшін үлкен мәртебеАндрей Финонченко “Шахтер” ФК бас бапкері

Бұл турнир біз үшін үлкен қолдау болды. Ерекше балаларға көрсетілген әрбір көмек олардың дамуына, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне ықпал етеді. Осындай игі бастаманы ұйымдастырған QOFA өкілдеріне, жарысқа қатысқан командаларға және қолдау білдірген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз Рустам Медеубаев, «Сенсорика» ерекше балаларды дамыту орталығының директоры




