

«Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының жобасын бақылау мен үшін үлкен қуаныш. Әсіресе менің туған қалам - Қарағандыда жүзеге асырылып жатқаны ерекше әсер қалдырады»Нурхан Кагазбаев, «Шахтёр» ФК жартылай қорғаушысы


«Мен мұны өз ұлымның мысалында айта аламын. Бұл - оның алғашқы ресми матчтары. Қазір ол, сірә, қалада ғана емес, бүкіл елдегі ең бақытты балалардың бірі шығар. Футбол - оның ең сүйікті ісі. Алғашқы ресми ойындарға қатысатынын білгенде қуанышында шек болмады. Енді ол әр демалыс күнін асыға күтеді - алаңға шығып, ойнау үшін. Сондықтан BFL жобасы - өзін көрсетуге, танытуға және сүйікті ісінен қуаныш сезімін алуға берілген үлкен мүмкіндік деп санаймын»Тимур Рудосельский, «Шахтёр» ФК қорғаушысы




