

«Сіздерді екінші орын иеленулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жеткен жетістікпен тоқтамай, әрдайым алға ұмтылыңыздар. Біз бүгінде Еуропалық деңгейге шығуға бағыт алып келеміз, ал сіздердің табыстарыңыз — соған бастайтын нақты қадам. Биыл «Шахтёр» футбол клубы жекешелендіру кезеңіне өтеді, жаңа инвестордың келуімен жетістіктер одан әрі артады деп сенемін. Баршаңызға жаңа жеңістер мен биік белестер тілеймін!»Серік Сәпиев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

«Иә, біз екінші орынды иелендік, бірақ әрдайым бірінші болуға ұмтылуымыз керек. Жігіттер жарады — маусымды жоғары деңгейде өткізді. Негізгі мақсатымыз — басты командаға дайын ойыншылар тәрбиелеу. Мен өз тәжірибемді жастармен бөлісіп, олардың кәсіби футбол жолын сенімді бастауына көмектесуге тырысамын. Келесі маусымда мақсат — чемпион болу!».Андрей Финонченко, «Шахтёр-М» футбол клубының бас бапкері

«Жалпы маусым жақсы өтті, бұндай нәтижеге жету үшін біз көп жаттығу өткіздік. Әрине, бірінші орын емес, бірақ күміс жүлде де жаман емес. Барлық жанкүйерлерге, бапкерлерге және жігіттерге де рақмет осындай маусым үшін. Келер маусымда мақсатымыз тек алтын, чемпион болу. Маусым аяқталса да, біз дайындықты тоқтатқан жоқпыз».Абилхайырхан Бекасилов, «Шахтёр-М» футбол клубының жартылай қорғаушысы



