



«Біз клубтың жұмысын жаңартып, нәтижеге бағытталған тұрақты даму моделін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда “Шахтёр” төңірегінде жасақталып жатқан команда жоғары мақсаттарға, соның ішінде халықаралық деңгейде де жетістікке жетуге әлеуетті. Алда ауқымды жұмыс тұр, ал біздің ұстаным өзгермейді — біз қысқа мерзімді әсерге емес, ұзақ мерзімді дамуға басымдық береміз»Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры

«Клубты жаңа инвесторға беру туралы келісімге қол қою — спортты басқаруда ашықтық пен жауапкершілікке негізделген жаңа тәсілдерге көшу жолындағы маңызды қадам. Бүгінде біз жасөспірімдер футболындағы оң өзгерістерді көріп отырмыз, соның ішінде Freedom QJ League жобасының дамуы жас ойыншыларды даярлаудың жаңа жүйесін қалыптастыруға ықпал етуде»Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі

«Клубтың алдына нақты әрі ұзақ мерзімді міндеттер қоюы мен үшін маңызды. Біз “Шахтёрді” оның тарихы мен әлеуетіне сай деңгейге кезең-кезеңімен қайта алып келеміз»Дмитрий Огай, «Шахтёр» футбол клубының бас бапкері





