
«ALGA! жобасы біздің мектептерге өте жақсы сіңісіп кетті. Біз көріп отырмыз: мұғалімдер де, балалар да жаңа форматқа ерекше қызығушылықпен кірісіп жатыр. Мұғалімдер дайындықтан өтті, әдістемені дұрыс қолданады. Балалар да сабаққа асығады, ойынды құштарлықпен ойнайды, бір-бірімен әрекеттесуді үйренеді. Тіпті ең ұяң балалардың өзі ашылып, белсенді бола бастайды, себебі футбол біріктіреді. ALGA! — балаларға ұнайтын және ұстаздарға шабыт сыйлайтын қозғалыс»Жәнібек Аллабергенов, ALGA! жобасының инструктор-кураторы




