Төрешілер мектебі26 қазан 2025

Төрешілер семинары: Қарағанды облысының футзал төрешілерінің дайындығы басталды

Қарағандыда QOFA бастамасымен футзал төрешілеріне арналған алғашқы оқыту семинары өтті.
 Төрешілер семинары: Қарағанды облысының футзал төрешілерінің дайындығы басталды
DSC04314
DSC04406
«Біз алдағы маусымға дайындық барысында төрешілерге арналған оқыту семинарын өткіздік. Қысқаша айтқанда, Жас арбитр мектебі жобасы – бұл төрешілердің мансаптық жолы. Онда A, B, C, D санаттары енгізіледі, оның ішінде A – ең жоғары деңгей, Премьер-лига төрешілері.Енді мұндай семинарлар тұрақты түрде өтетін болады. Мысалы, келесі аптада “Футзал ережелері” тақырыбында сабақ өтеді. Оқу аяқталған соң барлық арбитрлер өз лицензияларын алу үшін тестілеуден өтеді.»Изат Мусилимов, футзалдан Қазақстан чемпионатының төрешісі
DSC04410
«Төреші – ойынның ресми тұлғасы, сондықтан ол кәсіби қабілеттермен қатар, жеткілікті деңгейдегі физикалық дайындыққа да ие болуы тиіс. Арбитрлер федерация ұсынған тестілеуден өтуге міндетті, содан кейін ғана жарыстарды басқаруға рұқсат алады. Бүгін бес күндік семинар басталды, қатысушылар төрешіліктің даму және мамандану мүмкіндіктерімен танысты. Семинар соңында қорытынды тестілеу өткізіледі. Қараша айынан бастап дене даярлығы сабақтары басталады. Мұның бәрі өңірдегі футбол деңгейін жақсартуға бағытталған.»Светлана Кучина, ұлттық фитнес-нұсқаушы
DSC04302

Бөлісу