



««Шахтёр» футбол академиясының құрылысы қарқынды жүріп жатқаны қуантады. Спортты дамытуға қолдау көрсетіп, бастама көтерген Freedom Holding Corp. компаниясына алғыс білдіреміз. Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) президенті ретінде Тимур Турлов өңір спортына айрықша үлес қосып, жаңа жобаларды жүзеге асырып, инфрақұрылымды дамытып келеді. Академия өзіміздің жас футболшыларды тәрбиелеудің негізгі орталығына және бұқаралық спорттың тірегіне айналады»Серік Сәпиев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

«Қазіргі уақытта әкімшілік ғимараттың іргетасы толық құйылды, енді қабырғалар мен бағандарды көтерудеміз. Келесі кезеңде жабын плиталары орнатылады. Трибуна астындағы бөлік үшін ор шұңқырлар әзірленіп, бетон негіздері құйылды. Жаттығу алаңының астына су ағызу жүйесін салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс кестесінен кешігіп жатқан жоқпыз, керісінше, жоспардан ерте орындап келеміз. Қыс мезгілінде бетон мен монолитті жұмыстар жалғасады – ол үшін жылыту жабдығы мен дизель генераторы дайын»Тахир Ходжамбердиев, учаске бастығы




