
«Фитнес-тест – бұл формальділік емес, төрешілердің алаңда сенімді болуына мүмкіндік беретін құрал. Төреші дене жағынан дайын болса, ол жылдам қимылдап, дұрыс шешім қабылдайды»Артём Кучин, Қазақстан футбол федерациясының нұсқаушысы

«Тесттің басты мақсаты – жазалау емес, деңгейін қолдау. Олар төрешінің қай тұста жетілу керектігін көрсетеді. Бұл – сапалы төрелікке және ойыншылар мен жанкүйерлердің сеніміне бастар жол»Светлана Кучина, ұлттық фитнес-нұсқаушы

«Біз үшін маңыздысы – Премьер-лигадан бастап балалар турнирлеріне дейінгі төрешілердің барлығы жоғары стандарттарға сай болуы. Біз әрбір төрешінің өсуіне және кәсіби дамуына жағдай жасайтын жүйе құрып жатырмыз»Николай Бублинский, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының басқарушы директоры




