Футзалдан ашық Freedom-біріншілігінің 11-туры екі лигада да турнирлік тартысқа жаңа реңк қосты. Кездесулер нәтижелі өтіп, бірқатар ойындардың нәтижесі кестедегі орындарға тікелей әсер етті.
Жоғары лигада маусым көшбасшысы - «45 KVARTAL» командасы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 11 турдан кейін де жүз пайыздық нәтижесін сақтап қалды. Команда турнир кестесінің бірінші сатысын сенімді түрде бақылауда ұстап отыр.
Қалған қарсыластар арасында тартыс өте тығыз. МФК «Тұлпар-1» «Локомотив-КАЗПРОФЖЕЛ» командасын 7:6 есебімен ұтты. «AVTOKING» пен «STU ADS (Политех)» арасындағы матч 5:5 есебімен тең аяқталды, ал «Wooppay» «Интеграция-МТС» командасын 11:6 есебімен жеңді.
Тур қорытындысы бойынша турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде тығыздық сақталуда - әрбір жеңіс орындардың ауысуына тікелей ықпал етуде.
Жоғары лиганың үздік сұрмергені:
Богдан Новиков («45 KVARTAL») - 42 гол.
Бірінші лигада да тур шабуылға басымдықпен өтті. «Valua» командасы «ISMAIL DOORS» ұжымын 9:0 есебімен ірі жеңді. Ал «Тұмар 49» – «Новодолинка» кездесуі ойын күнінің ең нәтижелі матчы болып, 10:9 есебімен аяқталды.
«OUTSIDERS» «Bounty-ОНП»командасын 11:5 есебімен сенімді түрде жеңді. Бірқатар матчтарда жеңімпаз минималды есеп айырмасымен анықталып, турнир кестесіндегі тығыз бәсекені тағы бір мәрте дәлелдеді.
11 турдан кейін «Тұмар 49» көшбасшылықты сақтап отыр, алайда жақын қарсылас командалармен арадағы ұпай айырмасы өте аз. Жоғарғы орындар үшін күрес жалғасуда.
Бірінші лиганың үздік сұрмергені:
Мерей Қутымбетов («Тұмар 49») - 44 гол.
Маусым ортасына таяған сайын командаларға тұрақты ойын көрсету маңызды бола бастады. Бірі үшін бұл көшбасшылық орнын сақтап қалу болса, енді бірі үшін турнирлік бәсекеге қайта араласуға мүмкіндік.



