
«Қазақстан футбол тарихында алғаш рет парафутбол фестивалі бір алаңда көру қабілеті шектеулі және церебралды сал ауруы бар спортшыларды біріктірді. Биылғы жылы қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті: ЦП футболында – 7 команда, ал Blind Football жарысында – 6 команда бақ сынады. Біздің командаларға қолдау білдіріп, форма, жаттығу және жол жүру шығындарын өтеген клубтарға шынайы алғысымды білдіремін»Шыңғыс Темірханов, «Para Football League» жетекшісі


«Ойын өте керемет өтті. Шынымды айтсам, оңай болған жоқ — физикалық және эмоционалды тұрғыдан да. Ұйымдастырушыларға, жаттықтырушыларға және командамызға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Мұндай турнирлер бізге жаңа серпін беріп, ары қарай жаттығу мен жетілуге мотивация сыйлайды»Анатолий Федоровский, Қарағанды командасының капитаны



