Ассоциация15 қазан 2025

Қарағандыда Владимир Сушков пен Виктор Черненко құрметіне арналған турнир мәресіне жетті

Өңірдің сегіз командасы белгілі бапкер мен ұлағатты ұстаздың рухына құрмет көрсету үшін алаңға шықты.
Қарағандыда Владимир Сушков пен Виктор Черненко құрметіне арналған турнир мәресіне жетті
DSC03644
DSC03673
DSC03704
«Бұл намысты дода шыны керек, біз күткен деңгейден асып түсті. Нақтырақ айтсақ, нәтижелер біз ойлағаннан мүлде басқаша болды. Жалпы алғанда, барлық ойындар сондай бір қызу өтті – ішкі жан дүнием қуанып, ойындарды қарап бір марқайып қалдық»Пётр Асылбаев, турнир ұйымдастырушысы
DSC03722
«Бүгін ауа райы сәл көңілден шықпады деуге болады. Бірақ, матч кез келген ауа райында өтеді – балалар да осы жастан бастап кез келген жағдайда ойнауды үйренуі керек, өйткені бұл — футбол және ол бәрінен жоғары.Тәртіп жағына келсек, ешқандай ескерту болған жоқ. Жігіттер жанын салып ойнады, барынша тырысты»Сергей Валенов, турнирдің бас төрешісі
DSC03726
«Біз турнир барысында бес ойын өткіздік, әрқайсысы өз алдына қиын болды. Ең шешуші кездесу — “Шахтёр” командасымен өткен финал. Екі команда да тең ойнады, бәрі пенальти сериясында шешілді. Ал пенальти – нағыз лотерея. Лотореяны біз жеңдік»Вячеслав Грачёв, ФЦВА командасының бас бапкері

Бөлісу