
«Оқушылар көптен бері осындай мүмкіндікті күтті, енді оларда мектеп ішінде футболмен тұрақты түрде айналысуға барлық жағдай бар. Біз инвентарь алдық, әдістемелік қолдау көрсетілді және балалардың алаңға үлкен құлшыныспен шыққанын көріп отырмыз. Бұл біз үшін үлкен көмек әрі мектеп оқушылары арасында спортты дамытуға тамаша мүмкіндік»Сәуле Артықбаева, Үштөбе тірек мектебінің директоры

«Біз сабақтарды ұлдар мен қыздар тең дәрежеде ойнайтындай етіп құруды үйретеміз. Футболда бөліну жоқ — бұл барлығына арналған ойын. Әр бала осы ойында қуаныш пен сенімділікті таба алады. Біздің жобаның мәні дәл осында»Жәнібек Аллабергенов, ALGA! жобасының инструктор-кураторы




