
«ALGA! жобасы балаларға тек футболшы ғана емес, мықты тұлға болып өсуге мүмкіндік береді. Мұндай сабақтарда олар өмірге қажетті маңызды қағидаларды – тәртіпті, сыйластықты және командада ойнауды үйренеді. Балалардың футбол арқылы дұрыс өмірлік ұстанымды меңгеруіне көмектесіп жүргеніме қуаныштымын»Игорь Шацкий, «Шахтёр» футбол клубының қақпашысы

«Балалармен өткізілетін бұл жаттығулар тек футбол сабағы емес. Біз оларды қиындықтарды еңсеруге, бірлесе әрекет етуге және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға баулимыз. Бұл жобаның мәні зор, өйткені ол балаларға жеңіліс – жолдың бір бөлігі екенін, ал табандылық әрқашан жеңіске жеткізетінін түсіндіреді»Сәуле Айдарханова, Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі




