«Жас төреші мектебі» – төрешілер мен инспекторларды дайындау жобасы
«Жас төреші мектебі» – QOFA негізінде жұмыс істейтін, Қарағанды облысындағы жас мамандарды кәсіби төрешілік пен инспекция саласына дайындайтын бірегей жоба.

«Жас төреші мектебі» – QOFA негізінде жұмыс істейтін, Қарағанды облысындағы жас мамандарды кәсіби төрешілік пен инспекция саласына дайындайтын бірегей жоба.
2025 жылдан бастап жоба қосымша қаржыландыру алып, өз жұмысын кеңейтеді. Енді келесі санаттағы қатысушыларға арналған курстар ашылады:
- бастаушы футбол төрешілері (бас төрешілер мен көмекшілер),
- төрешілік мансабын аяқтап жатқан мамандар – болашақ инспектор-тәлімгерлер.
Жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасында, оның ішінде Қарағанды облысында өткізілетін футбол жарыстарына кәсіби деңгейде төрелік жасай алатын білікті төрешілер мен инспекторларды даярлау.
Жас мамандарға жергіліктіден бастап халықаралық деңгейге дейінгі айқын әрі нақты мансаптық жол ұсынылады. Жоғары нәтиже көрсеткен түлектер QOFA аясында және одан жоғары деңгейдегі матчтарға төрелік ету мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, қажетті біліммен қатар арнайы экипировка да ұсынылады.
Сабақтар түрлі деңгейдегі матчтарға қызмет көрсетіп жүрген тәжірибелі төрешілер мен инспекторлардың жетекшілігімен өтеді.
Жобаға қатысу үшін QOFA-ның ресми электрондық поштасына – info@qofa.kz өтінім жолдау қажет.
«Жас төреші мектебі» – мектеп оқушылары үшін тегін жоба, толықтай QOFA-ның бас демеушісі – Freedom Holding Corp. тарапынан қаржыландырылады.