«Мектеп мұғалімдерінің рөлі өте маңызды. Академияға біз көбіне балаларды 11–12 жастан қабылдаймыз, ал бастапқы дайындық одан ертерек басталады. Ең бастысы — баланы спортқа баулып, футболға қызықтыру. Осыдан кейін ғана техника, командадағы қарым-қатынас және басқа да бағыттармен жұмыс істеуге болады»Сергей Якушин, «Шахтёр» ФК академиясының жетекшісі



«Біз әр мұғалімге оның спорттық немесе академиялық тәжірибесіне қарамастан, сабақты өз бетінше жоспарлауға мүмкіндік бергіміз келеді. ALGA! жобасының әдістемелік тобы таңдалған жаттығуларды көріп, педагогтерге тұрақты түрде кері байланыс бере алады».Ғалымжан Қырықбай, QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің маманы







