Әлеуметтік жобалар09 тамыз

Астанада «Болашақ ойындары» аясында ерекше шоу-матч өтті

Астанада «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі аясында QOFA (Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы) мен United Esports Leagues ұйымдастырып, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен фиджитал бағытындағы шоу-матч өтті.
Астанада «Болашақ ойындары» аясында ерекше шоу-матч өтті
DSC01889
Менің жасым 11-де. Бұл ойында мен 1 гол соқтым. Бүгін мен үшін керемет күн болды. Осындай алаңда, осындай тамаша жағдайда ойнауға мүмкіндік бергені үшін бәріне алғысымыз шексіз. Ойын тартысты өтті. Бізге берілген басты нұсқаулық алаңға мінез көрсетіп шығып жеңіске жету керек болды. Соңына дейін күрестік және жеңіске жеттік.Урааа! Мұхамед Мақсат “QOFQ” командасы, жарысқа қатысушы
DSC02237 (1)
Балаларды қалай іріктедік? Мәселен, бірінші Теміртау классикалық лицейі ALGA! жобасының ең мықты үш командасының қатарына кіреді және әдістемелік тапсырмаларды сапалы орындау көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Киберспорттағы жоғары нәтижелері мен жетістіктері үшін арнайы интернаттың 5 тәрбиеленушісін тізімге қостық. Данияр Кәрібаев QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы
DSC02027
Жалпы бұл халықаралық турнирінде Қарағандылық ұжымдар тамаша ойын көрсетті деуге толық негіз бар. Сондай-ақ, бүгін балалардың ойынына куәгер болдық нағыз шоу болды. Тең дәрежеде өрбіген тартысты кездесуге куәгер болдық. Болашақ солардікі сол себепті қолдау керек деп ойлаймын.Евгений Набиуллин UEL Team президенті
DSC02279

Бөлісу

Тағы оқыңыз