
Бұл жердегі негізгі нысанның 70 пайыз жұмысын еңсердік. Яғни, оқу, спорттық және жатақханадан тұратын үш корпустың алғашқы қабатын көтердік. Алдағы айда толықтай аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Жақында жасанды желектің монтаж жұмыстары басталады. Ол жерде германиялық дренаж жүйесі орнатылады. Сондай-ақ алаңдарды жылыту, автоматты суару жүйесі болады. Жыл соңына дейін инженерлік жұмыстарды, жылу жүйесі мен электр желілерін тартуды аяқтау жоспарланып отыр.Артем Алехин, «Интерстрой» ЖШС директоры

«Осы нысанда біз алғаш рет дренаж жүйесін жасап жатырмыз. Осыған орай су ағатын науалар орнатылуда — бұрын стадионда мұндай болмаған. Алаңға келетін болсақ, төселетін жабын Қытайда өндірілген және оның FIFA Quality Pro сертификаты бар. 7 қыркүйекке дейін жасанды жабын мен жарықтандыру жүйесін монтаждауды аяқтауымыз керек. Жарық қосылған соң кешкі уақытта да жаттығуға, ойнауға мүмкіндік туады».Игорь Агафонов, QOFA даму жобаларының жетекшісі

Бұл жерде дыбыс жүйесі бойынша толықтай жұмыстар аяқталды. Жасанды жасыл желегіміз төселді. Спортшыларға арналған сауықтыру кешенін қыркүйек айында тапсырамыз. Ол жерде бассейн мен сауна қарастырылған, спортшылардың қайта қалпына келуіне барлық жағдай жасалады. Биыл қазан айының соңына қарай стадионды пайдалануға береміз. Ал 19 мың көрермен орындықтарын ауыстыру жұмыстары келесі жылы кезең-кезеңімен жүргізіледі.Нұрлан Рыстин, «Шахтер» стадионының жетекшісі





