Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының (QOFA) Freedom қолдауымен жүзеге асырған бастамасы футбол алаңын жаңартып қана қоймай, бұрынғы жасанды төсенішке де екінші өмір сыйлады. Бұған дейін алаңның жағдайы нашар болып, ескі жабынды тозғандықтан, футбол ойнау қиынға соғатын.
Енді Абай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі жаңартылған жаттығу алаңында жаттыға алады. Құтқарушылар үшін жақсы дене шынықтыру ерекше маңызды: олардың жұмысы төзімділікті, күшті және үнемі күш жұмсауға дайын болуды талап етеді. Футбол оларға дене шынықтырумен айналысуға көмектеседі және жұмыстан демалуға мүмкіндік береді.
Абай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Сергей Онищенко QOFA-ға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, жаңа нысанның оның қызметкерлері үшін маңыздылығын атап өтті.
«Біздің мамандығымыз тәуекелмен және тұрақты дайындықпен байланысты. Сондықтан әрдайым жақсы физикалық қалыпта болу қажет. Футбол — дене дайындығын сақтаудың бір жолы. Енді жігіттер ашық ауада, қауіпсіз жағдайда жаттыға алады. Алаң жақсы дайындалған, төсеніш сапалы төселген. Жеке құрамға бәрі ұнайды, барлығы риза».
Нәтижесінде жаңартылған алаң екі міндетті қатар атқарып отыр: МЧС қызметкерлері футболмен айналысуға қолайлы жағдайға ие болды, ал «Локомотив» стадионының жасанды төсенішіне футболға қызмет етудің жаңа мүмкіндігі берілді.


