Турнирді QOFA ұйымдастырып, жарысты дайындау мен өткізуді өз мойнына алды.
Бірінші жартылай финалда STU мен ҚЭУ кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, алғашқы финалист пенальти сериясында анықталды. Онда ҚЭУ футболшылары 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Екінші жартылай финалда ҚарҰЗУ мен K-MED кездесті. Buketov University командасы қарсыласын 5:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Шешуші матч 4 қазанда өтті. ҚарҰЗУ мен ҚЭУ нәтижелі ойын көрсетіп, негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады — 3:3. Бірінші жартылай финалдағыдай, Кубок иегері пенальти сериясында белгілі болды. ҚарҰЗУ 4:3 есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.
Финалдан кейін ҚарҰЗУ командасының жаттықтырушысы Юрий Каракасиди шәкірттерінің жеңісіне былайша пікір білдірді:
«Мұндай жағдайда айтылатындай, мықтылар жеңеді. Біз жеңдік — демек, біз мықтымыз!»
Турнирдегі жеңіс ҚарҰЗУ-ға Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғауға мүмкіндік берді.


