Инфрақұрылымдық жобалар

Қарағанды облысында футболды дамыту стратегиясы аясында QOFA Freedom және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі.
1

Freedom мен Қарағанды облысының әкімдігі 2025 жылғы желтоқсанда қол қойылған футболды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жұмыс жүргізуде. Құжатта тараптардың 2029 жылды қоса алғанға дейін футбол инфрақұрылымы нысандарын салу және дамыту жөніндегі міндеттемелері бекітілген.

2026 жылы үш инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды:

  • «Локомотив» стадионы (Қарағанды) — футбол алаңы мен оған іргелес инфрақұрылымды кешенді қайта жаңғырту;

  • «Жігер» стадионы (Абай) — футбол алаңының жабындысы мен дренаж жүйесін жаңарту;

  • №17 мектеп-гимназиясы (Саран) — жаңа шағын форматтағы футбол алаңын салу.

Сонымен қатар Қарағандыдағы Freedom BFL матчтары өтетін «Аманат» спорт кешенінің футбол алаңы жаңартылды.

Freedom компаниясының үш негізгі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға салған инвестициясының жалпы көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады.

«Локомотив» стадионы (Қарағанды)

«Локомотив» — қаладағы негізгі футбол алаңдарының бірі. Мұнда жаттығулар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстар, сондай-ақ әуесқой командалардың матчтары өткізіледі.

Қайта жаңғыртудың негізгі кезеңі толық өлшемді футбол алаңының жасанды жабындысын толығымен ауыстыру болды. Стадионға қарқынды жаттығу процесіне және ресми футбол матчтарын өткізуге арналған FIFA Quality Pro деңгейіндегі жаңа жасанды газон төселді.

Жобаның маңызды бөлігінің бірі — заманауи Q-Drain дренаж жүйесін орнату. Бұл жүйе футбол алаңының бетіндегі артық ылғалды тиімді шығарып, жауын-шашыннан кейін жабындының пайдалану сипаттамаларын сақтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ стадионның жарықтандыру жүйесі жаңғыртылды. Биіктігі 30 метрден асатын қолданыстағы тіректерге жаңа прожекторлар орнатылды. Олар 7 140 м² аумақта 200–250 люкс деңгейінде жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Бұл кешкі уақытта жаттығулар мен футбол матчтарын өткізуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, стадионда биіктігі сегіз метрлік доп ұстайтын қоршаулар мен жылжымалы футбол қақпалары орнатылып, алаң айналасындағы асфальт төселген жүгіру жолақтары қалпына келтірілді.

«Локомотив» стадионында «Шахтёр» футбол клубының тәрбиеленушілері де жаттығады. Сондай-ақ мұнда балалар, жасөспірімдер, студенттер және әуесқой командалар арасындағы жарыстар өткізіледі.

«Жігер» стадионы (Абай)

Қайта жаңғыртудың негізгі бағыты толық өлшемді футбол алаңын жаңарту болды. Стадиондағы жасанды жабынды толығымен ауыстырылып, тұрақты жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған FIFA Quality Pro деңгейіндегі жаңа футбол газоны төселді.

Жұмыс барысында заманауи Q-Drain дренаж жүйесі де орнатылды. Ол судың тиімді ағуын қамтамасыз етіп, жауын-шашыннан кейін футбол алаңы жабындысының пайдалану сипаттамаларын сақтауға мүмкіндік береді.

Заманауи технологияларды қолдану алаңның қарқынды жүктемелерге төзімділігін арттырып, жаттығу процесіне қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар стадионда доп ұстайтын қоршаулар мен жаңа жылжымалы футбол қақпалары орнатылды.

Нысанды жаңғырту Абай қаласында балалар, жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуға бағытталған. Қайта жаңғыртудан кейінгі алғашқы спорттық іс-шара жаңартылған «Жігер» стадионының ашылуына орай ұйымдастырылған қаладағы футбол мектептері арасындағы турнир болды.

№17 мектеп-гимназиясының футбол алаңы (Саран)

№17 мектеп-гимназиясының аумағында өлшемі 20 × 40 метр болатын заманауи шағын форматтағы футбол алаңы салынды. Алаңға түгінің биіктігі 60 мм, FIFA Quality Pro деңгейіне сәйкес келетін жасанды газон төселді.

Өзінің сипаттамалары бойынша бұл жабынды Қарағандыдағы «Локомотив» және Абайдағы «Жігер» стадиондарына төселген газондармен салыстыруға келеді.

Жаңа спорт нысаны прожекторлық жарықтандыру жүйесімен, қоршаумен және көрермендер трибуналарымен жабдықталды. Жарықтандыру жүйесінің арқасында алаңды кешкі уақытта жаттығулар мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін пайдалануға болады.

№17 мектеп-гимназиясы QOFA Freedom қолдауымен жүзеге асырып жатқан ALGA! футбол жобасына қатысады. Жобаның пилоттық маусымында бұл білім беру мекемесі бастауыш сыныптардың барлық төрт параллелінде футбол сабақтары өткізілген жалғыз мектеп болды.

«Шахтёр» ФК инфрақұрылымы

Инфрақұрылымдық бағдарламаның жеке бағыттарының бірі — Қарағандыдағы «Шахтёр» футбол клубының спорттық базасын дамыту.

Осы жұмыс аясында QOFA облыс әкімдігіне жобалау-сметалық құжаттаманы өтеусіз негізде береді:

  • «Шахтёр» стадионының аумағында орта форматтағы жабық футбол манежін салу үшін;

  • «Шахтёр» стадионын UEFA-ның 4-санат талаптарына сәйкестендіру мақсатында қосымша қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін.

Екі нысан бойынша да жұмыстар қала және облыс әкімдіктерінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Меморандумға сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі мен Freedom арасындағы ынтымақтастықтың арқасында 2029 жылға дейін Теміртау, Балқаш, Саран, Абай, Шахтинск, Шахан және Приозёрск қалаларында жыл сайын жаңа спорт нысандары пайда болады. Олардың бір бөлігі мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылса, қалған бөлігін қаржыландыруды Freedom өз мойнына алады.

Сонымен қатар QOFA ALGA! жобасына қатысатын мектептер үшін Саранда салынған алаңға ұқсас, жасанды жабындысы бар тағы алты шағын форматтағы футбол алаңын салуды жоспарлап отыр.

Жаңа спорт нысандарының пайда болуы спортшылардың жаттығу сапасын арттыруға, сондай-ақ облыста заманауи футбол алаңдары мен манеждердің географиясын кеңейту арқылы футболмен жүйелі түрде айналысатын адамдар санын көбейтуге ықпал етеді.

Бөлісу

Басқа жобалар