ALGA! жобасы аясында, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының бастамасымен, Теміртаудағы Бірінші классикалық лицей бірінші оқу тоқсанының қорытындысын шығаруда. Бірінші тоқсанда 30-дан астам футбол сабағы өткізілді, бұл шамамен 1400 минут жаттығу мен футбол сабақтарына тең.
Теміртау қаласындағы Бірінші классикалық лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ержан Хомутов жоба жайлы ойымен бөлісті:
«Иә, расында, бірінші тоқсан аяқталып келеді. Біз жоспар бойынша алға жылжып келеміз және балаларға бәрі ұнайды. Әлі жетілдіретін тұстар бар, бірақ жоба енді басталғандықтан, алда талай мүмкіндіктер бар деп ойлаймын».
Мұғалімнің айтуынша, ALGA! жобасы тек жаңа әдістемелер мен тәсілдерді үйретіп қана қоймай, ұстаздардың өзіне де серпін берді:
«Жоба оқушыларға да, бізге де өте қызықты. Біз семинарларға қатысып, жаңа білім алдық. Футбол — бұл Қарағандының рухы. Лицейіміздің ауласында жаңа спорт алаңы салынып жатыр. Көктемде осы алаңда сабақтар өткізіп, оқу жылының қорытындысы ретінде оқушылар арасында шағын турнир ұйымдастырғымыз келеді».
Футбол сабақтарына қатысып жүрген оқушылар да өз әсерлерімен бөлісті.
«Маған футболдағы командалық ойыны ұнайды — жақсы жүгіремін, тез қимылдаймын».
ALGA! жобасы мектептерде футбол мәдениетін қалыптастырудың тиімді үлгісіне айналуда. Мұғалімдер жаңа әдістемелер арқылы дене шынықтыру пәнінің 3-ші сабағын тартымды етіп өткізуге мүмкіндік алып отыр.



