Практикалық бөлім Football Hall жабық манежінің алаңында өтті. Мұнда UEFA A-Elite санатындағы жаттықтырушылар мектеп сабақтарына енгізуге болатын жаңа әдістемелер мен ойын элементтерін көрсетті.
Ұстаздар тек бақылап қана қоймай, жұмысқа белсене араласып, әсерлерімен бөлісіп, бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығуларды қалай тиімді бейімдеуге болатыны жөнінде сұрақтар қойды.
«Біз мұғалімдердің осыншама ынталы екенін көріп қуандық. Олардың шынайы қызығушылығы мектептегі футболдың дамуына серпін береді, ал бұл балаларға өсуге қосымша мүмкіндік сыйлайды»
Семинар қорытындысы бойынша барлық мұғалімдерге олардың біліктілігін ресми растайтын UEFA D санатындағы лицензиялар табысталды.
Шара Қарағанды облысы әкімдігінің, сондай-ақ облыстық Білім басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті.



