Әлеуметтік жобалар31 мамыр

QOFA өкілдері Қарағандыдағы жаңа экосаябақты көркейтуге атсалысты

Қарағанды қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды көгалдандыру акциясы өтті.
QOFA өкілдері Қарағандыдағы жаңа экосаябақты көркейтуге атсалысты
Dsc08023
Dsc07973
Спорт қоғамды біріктіретін, жауапкершілік пен ортақ құндылықтарды дәріптейтін маңызды құрал. Сондықтан QOFA үшін өңірдегі әлеуметтік және экологиялық бастамаларға қатысу ерекше маңызға ие. Бүгін біздің ұжым ағаш отырғызу арқылы болашақ ұрпаққа арналған игі іске өз үлесін қосты. Бұл экосаябақ алдағы жылдары тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналады деп сенеміз. Осындай бастамалар қоғамның бірлігін нығайтып, туған жерге деген жанашырлықты арттырады.QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы Данияр Кәрібаев
Асар – адамдардың ортақ іске ешқандай сыйақы күтпестен және жауапкершілікті өзгеге жүктеместен бірігуі. Біз мұндай жобаларды көбіне егілген ағаштардың саны немесе атқарылған жұмыстың көлемі арқылы бағалаймыз. Алайда мұндай акциялардың басты нәтижесі тек цифрлармен өлшенбейді. Ең маңызды нәтиже – біздің ортақ болашағымызға бейжай қарамайтын азаматтар.
Dsc08003
Dsc08014

Бөлісу