Shakhter Fest-тің басты оқиғаларының бірі — «Шахтёр» футболшыларымен кездесу болды. Қонақтар команда ойыншыларымен еркін әңгімелесе алды, ал Арман Нүсіп бұл кеште әдеттегі рөлін өзгертіп, сахнаға шығып, музыкалық өнерін көрсетті.
Shakhter Fest фестивалін ұйымдастыруға Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) атсалысты. Іс-шара Freedom қолдауымен өтті.
Кеш бойы қарағандылық әртістердің орындауында әр жылдардағы танымал әндер шырқалды. Халықтық караоке-баттл өтіп, көрермендерге музыкалық тосынсыйлар ұсынылды. Қонақтар үшін интерактивті футбол аймақтары мен «Бахус» автоорталығының автокөрмесі де жұмыс істеді. Бағдарлама DJ қатысуымен өткен мерекелік дискотекамен аяқталды.
Shakhter Fest стал ещё одним поводом напомнить, что футбол в Караганде не ограничивается матчами и стадионом. Подобные мероприятия позволяют футболу быть частью городской жизни, а жителям города — увидеть любимую команду в совершенно другой обстановке.



