Қарағанды қаласында әуесқой командалар арасында футболдан Ашық қала кубогы мәресіне жетті. Турнирді ұйымдастырушылар – қалалық спорт комитеті мен облыстық футбол ассоциациясы.
Байрақты бәсекеге Теміртау қаласының командалары, сондай-ақ Бұқар жырау және Абай аудандарының өкілдері қатысты. Финалда екі теміртаулық ұжым — «Тау» спорт клубы мен «Асан» футбол клубы кездесіп, тартысты әрі голға толы ойын өрбіді.
Дегенмен бастан-аяқ ойын тізгінін «Тау» клубының ойыншылары ұстап, айқын басымдық танытты. Қорытынды есеп — 5:1. Осылайша, басты трофей Теміртау қаласына бұйырды.



