Ассоциация01 қазан

Қарағандыда ALGA! жобасының педагогтері мектеп футболын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

Жоба мұғалімдері ұлттық мектеп және студенттер футбол лигасының қорытындысын шығару аясында марапатталды.
1

Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

ALGA! жобасында мұғалімдердің еңбегі ерекше маңызға ие: педагогтер мектептерде балалармен сабақ өткізіп, футболды дене шынықтыру сабақтарының тұрақты бөлігіне айналдыруға көмектеседі. Сондықтан марапаттау кезінде спорттық нәтиже ғана емес, мұғалімдердің бұқаралық балалар футболын дамытуға қосқан үлесі де ескерілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша Қарағанды, Теміртау және Үштөбе педагогтері марапатталды:

  1. Хомутов Ержан Кайратович — Бірінші Теміртау классикалық лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

  2. Мұстафин Қазбек Абылайұлы — Үштөбе тірек мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

  3. Жақия Елнұр Қаныбекұлы — Қарағанды қаласындағы Ә. Ермеков атындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

  4. Жаппарова Аяужан Иманмакзамовна — Қарағанды қаласындағы №19 мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Педагогтерге алғыс хаттарды QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің жетекшісі Данияр Карибаев табыстады.

«Біз үшін күн сайын балалармен жұмыс істеп, дене шынықтыру сабағы арқылы олардың спортқа деген алғашқы көзқарасын қалыптастыратын мұғалімдердің еңбегін атап өту өте маңызды. ALGA! жобасын педагогтерсіз дамыту мүмкін емес — олар жоба мен баланың арасындағы негізгі байланыстырушы буын. Сондықтан Қарағанды облысының білім басқармасымен және „Сарыарқа дарыны“ орталығымен тығыз ынтымақтастық орнату біз үшін ерекше құнды. Мұндай әріптестік жобаның ауқымын кеңейтіп қана қоймай, өңірдегі көбірек баланың спортпен және футболмен айналысуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.»

Данияр Карибаев, QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің жетекшісі

Марапаттау күн сайын балалармен жұмыс істеп, мектеп футболын іс жүзінде дамытып жүрген педагогтердің еңбегін жеке атап өтуге мүмкіндік берді. ALGA! жобасын QOFA Freedom және Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен жүзеге асырады, ал мектептермен және педагогтермен ынтымақтастық жобаны одан әрі дамытудың негізгі шарттарының бірі болып қала береді.