Қала әкімдігінде Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы ұжымына Наурыз мерекесін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс хат табысталды.
Кездесу барысында QOFA жүзеге асырып жүрген әлеуметтік жобалар мен қалалық бастамалардың қоғамда оң орта қалыптастыруға ықпал етіп жүргені де ерекше айтылды.
Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында QOFA ұжымы Freedom демеушілігімен Қарағанды қаласының Орталық саябағында киіз үй тігіп, қала тұрғындарына арнап ұлттық ойындар, спорттық белсенділіктер мен түрлі интерактивтер ұйымдастырған болатын. Мерекелік алаң көпшілік жиналатын ерекше орындардың біріне айналды.



