Әуесқой турнирлер12 қараша

Суперлига чемпионы атағы үшін күрес басталды

Қарағандыда өңірдегі футзалдан басты турнир — Суперлиганың жаңа маусымы басталды. Он команда чемпиондық атақ үшін бақ сынауға кірісті.
1

Алғашқы турда бес матч өтіп, командалар бірден жоғары нәтижелілік көрсетті. Екі ойын күнінің қорытындысы бойынша барлығы 42 гол соғылды.

Ең ірі жеңіске FC Jauynger қол жеткізді. Команда «Прогресс» клубын 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, алғашқы турдан кейін гол айырмасы +5 көрсеткішімен турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Тағы бір кездесуде ТЧЭ-14 «Политехтен» 5:2 есебімен басым түсті. Qarmet пен YDD арасындағы матч та осындай есеппен аяқталып, Qarmet жеңіске жетті.

«ЖасАқ» (Шет ауданы) мен Tassay арасындағы матчта көрермендер 12 голдың куәсі болды. Кездесу «ЖасАқ» командасының 7:5 есебімен жеңісімен аяқталды. Тағы бір нәтижелі матчта MFC Adil «Биосфераны» 5:4 есебімен жеңді.

Алғашқы турдың қорытындысы бойынша бес команда үш ұпайдан жинады. Олар: FC Jauynger, ТЧЭ-14, Qarmet, «ЖасАқ» және MFC Adil`. Олардың турнир кестесіндегі орындары соғылған және жіберілген голдар айырмасына байланысты анықталды.

Алғашқы турдан кейін сұрмергендер тізімінің көшбасшылары да анықталды. Бірден бес футболшы екі голдан соқты.

Олардың қатарында Қуаныш Бегалин (MFC Adil`), Богдан Новиков пен Мейрам Нургалиев (екеуі де — Qarmet), Бахтияр Мейрашов («ЖасАқ») және Кабылет Манарбек (ТЧЭ-14) бар.