Қарағанды облыстықфутболы
Артем Кучин УЕФА-ның төрелік ету конвенциясының үйлестірушісі болып тағайындалды
Қарағандылық футбол төрешісі Артем Кучин Қазақстан футбол федерациясындағы УЕФА-ның төрелік ету конвенциясының жаңа үйлестірушісі болып тағайындалды.

QOFA мен QJ League жобасы халықаралық MVP Awards сыйлығында жоғары бағаланды
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) мен Freedom QJ League бірлесіп өткізген әлеуметтік жоба халықаралық MVP Awards спорт сыйлығында жүлделі орынды иеленді.

ALGA! жобасының оқушылары республикалық футбол турниріне қатысты
Қарағанды қаласындағы №19 мектептің оқушылары 1–5 маусым аралығында Астанада өткен «Балдаурен» республикалық футбол турниріне қатысты.

Саранда жас футболшылар арасындағы «Достық – 2026» турнирі мәресіне жетті.
Саран қаласының «Сұңқар» стадионында Қарағанды, Саран және Теміртау қалаларынан келген алты команда өзара бақ сынасты.

Ассоциация туралы
Біздің мақсатымыз – футбол мен оның түрлерін спорт ретінде дамыту, сондай-ақ осы салада қызмет ететіндердің: ойыншылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің, спорт мектептері мен басқа да субъектілердің мүдделерін қорғау және қолдау.
Бүгінде біз Қарағанды облысында бұқаралық футболды дамыту, спорттық резерв дайындау жүйесін құру, салалық мамандар даярлау мен спорт инфрақұрылымын жетілдіру жобаларын біріктіретін футбол экожүйесін қалыптастырып жатырмыз. Жобалар Қарағанды облысы әкімдігінің және Ассоциацияның бас демеушісі — Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.




