ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Ассоциациясы

Freedom Balalar Futbol Ligasy

Қарағанды облысының ресми балалар мен жасөспірімдер футбол біріншілігі

Freedom Balalar Futbol Ligasy

Balalar Futbol Ligasy жобасы өңірде 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде бұқаралық футболдың дамуына өз үлесін қосты. Қазақстан әуесқой футбол лигасы (ҚӘФЛ) өңірлік филиалы, «Amanat» командасы, сондай-ақ жаттықтырушылар мен спорт мектептерінің жұмысының арқасында балалар жарыстарға қатысып, футболдағы алғашқы қадамдарын жасады.

Биыл жоба жаңа деңгейге өтті. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) және Қазақстан әуесқой футбол лигасы (ҚӘФЛ) өңірлік филиалы арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін лига ресми мәртебе алып, Freedom Balalar Futbol Ligasy (Freedom BFL) атты жаңа атаумен іске қосылды. Жүйе кеңейтіліп, бірыңғай стандарттарға бейімделді, сонымен қатар бұрынғы тәжірибе мен база сақталды.

DSC00174

«Біз бірлесе отырып балалар футболын дамытып, арнайы балалар лигасын іске қоспақпыз. Біздің облыста бүгінде 150-ден астам команда қатысатын әуесқойлар лигасы табысты жұмыс істеп келеді. Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауының арқасында футбол академиясы салынуда, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бірлесе отырып Қарағандыны еліміздің жетекші спорттық өңіріне айналдырамыз деп сенемін»

Серік Сәпиев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Бүгінде Freedom BFL — өңірдегі ең ірі балалар мен жасөспірімдер футбол біріншілігі. Қысқы маусымның алғашқы кезеңінде 159 команда мен 2 687 жас футболшы қатысып, аптасына 76 матч өткізіледі.

DSC05865

«Біз жаңа турнир құрмаймыз – бұрыннан өткізіліп келе жатқан чемпионатты ресми форматқа көтеріп, жаңа деңгейге шығарамыз. Енді балалар жүйелі және сапалы ұйымдастырылған жарыстарда ойнау мүмкіндігіне ие болады»

Талғат Қаржаубаев, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының бас хатшысы

Матч өтетін орындар:

1. Amanat спорт кешені (Карбышев к-сі, 7/5)

2. Amanat Arena (Ермеков к-сі, 49/3)

3. Nomad Arena (134-ші есептік квартал, 3/5)

4. Сарань қаласы (Макаренко к-сі, 1-ші ғимарат)  

2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізілді:

• тұрақты апталық цикл: «жаттығу – ойын – оңалту»

• жаңа формалар мен кеңейтілген құрылымның арқасында матчтар және командалар санының артуы

• біріншіліктің ресми мәртебесі және спорттық разрядтар алу мүмкіндігі

• матчтар, статистика және нәтижелерді есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі

• ұйымдастыру және медиа қолдаудың күшеюі: фото, видео, трансляциялар, жарияланымдар

• маусым қорытындысы, үздік ойыншылар мен командаларды марапаттайтын финалдық фестиваль

BFL жобасы QOFA-ның «Жас төреші мектебі» жобасымен тығыз байланысты. Әр турдан кейін жас төрешілермен талдау өткізіліп, тәжірибелі мамандар маңызды эпизодтарды қарап, әділ ойын принциптерін, бірыңғай төрешілік мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі.

DSC04384

«Freedom BFL жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашады – спорттық разрядтар алу, ресми жарыстарға қатысу және кәсіби тұрғыда даму. Барлық нәтижелер мен статистика онлайн-қосымшада қолжетімді, бұл жүйені ашық әрі заманауи етеді»

Мейрам Серіков, ҚӘФЛ Қарағанды филиалының төрағасы

Freedom BFL Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және Freedom Holding Corp. бас демеушісінің қолдауымен жүзеге асады.

Басқа жаңалықтар