ALGA! – QOFA-ның мектеп оқушыларына арналған футбол жобасы
ALGA! – балалардың дене тәрбиесін үйлесімді дамытуға, оларды салауатты өмір салтына баулуға, спортпен тұрақты айналысуға ынталандыруға бағытталған QOFA-ның мектептік футбол жобасы.

ALGA! – балалардың дене тәрбиесін үйлесімді дамытуға, оларды салауатты өмір салтына баулуға, спортпен тұрақты айналысуға ынталандыруға бағытталған QOFA-ның мектептік футбол жобасы.
2025 жылы QOFA ALGA! жобасының пилоттық кезеңін іске қосады. Жоба Қарағанды, Саран, Теміртау, Абай қалаларымен Үштөбе ауылындағы 10 жалпы білім беретін мектепті қамтиды.
2025/2026 оқу жылында жүзеге асырылатын негізгі бағыттар:
- 1–4 сынып оқушылары (ұлдар мен қыздар) үшін дене шынықтыру пәнінің үшінші сабағы футбол сабағы ретінде өткізіледі;
- 5–11 сынып оқушыларына арналған тұрақты футбол секцияларын ашуға қолдау көрсетіледі;
- Мектептерге футбол сабағын өткізуге қажетті заманауи спорттық құрал-жабдықтар (доптар, манишкалар, қақпалар және т.б.) беріледі;
- Дене шынықтыру және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру семинарлары өткізіледі;
- Жобаға қатысушы мектептер үшін үлкен фестивальдар ұйымдастырылады. Онда кәсіби футболшылар мен жаттықтырушылардан шеберлік сабақтары, түрлі спорттық ойындар, байқаулар, бағалы сыйлықтар және танымал қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт өтеді;
- Жоба аясында ерекше көзге түскен үздік мектептер мен мұғалімдер арнайы марапатталады.
2026/2027 оқу жылынан бастап жобаны Қарағанды облысындағы басқа да мектептерге кеңейтіп, қатысушы мектептер арасында жаңа форматтағы футбол жарыстарын ұйымдастыру жоспарлануда.
2029 жылға дейін QOFA ALGA! жобасына қатысатын білім беру ұйымдарының аумағына жасанды жабыны бар кіші форматты (20×40 м) 10 футбол алаңын орнатуды көздеп отыр.
2026/2027 оқу жылына арналған қатысу өтінімдері QOFA-ның ресми электрондық поштасы – info@qofa.kz арқылы қабылданады және Қарағанды облысының Білім басқармасымен бірлесе қаралады.
ALGA! жобасы Қарағанды облысы әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қолдауымен жүзеге асады және жоба толықтай бас серіктес – Freedom Holding Corp. есебінен қаржыландырылады.
Басқа жаңалықтар
Саранда шағын футболдан қысқы біріншілік мәресіне жетті
Саран қаласында 2025–2026 жылғы маусымдағы Қарағанды облысының шағын футболдан қысқы біріншілігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Ескі залдан — шабыт алаңына: ALGA! жобасы балалар спортына жаңа серпін сыйлады.
Қарағандыда ALGA! жобасы аясында белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейіне ерекше сый жасалды.

Таптаурындарға қарсы тайталас
Жеңістің артында тек әсерлі ойын ғана емес, жүйелі жұмыс жатыр. Сұхбат барысында бапкер ойыншылардың мінезі қалай қалыптасатынын және өңірде әйелдер футболы қалай дамып келе жатқанымен бөліседі.

Freedom Futsal BFL жаңа кезеңі: Қарағандының жас таланттары алаңға шықты
Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен Freedom Futsal BFL жобасының жаңа кезеңін бастады.